Жамбыл облысының тұрғыны 5,6 млн теңгенің жылқысын ұрлап кеткен

Azattyq Rýhy

29 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды

Жамбыл облысының тұрғыны 5,6 млн теңгенің жылқысын ұрлап кеткен

Жыл басынан бері Жамбыл облысында мал ұрлығының 48 дерегі тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6%-ға төмен, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Өңірде мал ұрлығымен күресу мақсатында тұрақты негізде арнайы құрылған жедел-іздестіру топтары жұмыс жасайды, олар мал базарлары, мал сою орындары және ет саудасына қатысты ретсіз орналасқан орындар бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді. 

Ұйымдастыру шаралары мен мақсатқа бағытталған жұмыстардың нәтижесінде, осы жылдың бес айында мал ұрлығымен айналысқан 38 адам, сондай-ақ бес қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Облыс аумағында ұрланған 900-ден астам мал басы табылып, иелеріне қайтарылды. 

Мәселен, полицияға 28 жастағы ер адам арызданған. Оның айтуынша, оның жайылымдық жерлерінен белгісіз адам 14 жылқыны ұрлап, айдап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 5,6 млн теңгені құрайды. 

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-1-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Тұрар Рысқұлов ауданының 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. 

"Сонымен қатар, наурыз айында жедел алдын алу іс-шарасы барысында облыс аумағында мал ұрлығымен айналысқан екі адамнан тұратын топ анықталып, ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында олардың Мойынқұм ауданының аумағында мал ұрлығын жасауға қатыстылығы дәлелденді. Қазіргі уақытта мал ұрлығымен айналысқан тұлғалар бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр", – деп хабарлады Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы бөлімінің бастығы Қанат Қожамқұлов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.