$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.06.2022, 09:13
Оқиғалар

Хромтауда алаяқтар тұрғынның 10 млн теңгесін банк шотынан шешіп алған

Қазір күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр

Хромтауда алаяқтар тұрғынның 10 млн теңгесін банк шотынан шешіп алған
Фото: ашық дереккөзден

Хромтау қаласының 53 жастағы тұрғыны алаяққа алданып, бар жиған-тергенінен айырылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Белгілі болғандай, әйелдің ұялы телефонына хабарласқан бейтаныс адам өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, оның сеніміне кірген. Содан соң әйелден СМС хабарлама кодын алып, үш банктік шотындағы жалпы сомасы 10 млн-ға жуық жинағын шешіп алған.

«Ұялы телефонына келген СМС-кодын алған алаяқ әйелдің барлық жинағын үш банктік шоттан өз картасына аударған. Сөйтіп хромтаулық тұрғын 10 млн теңгеге жуық ақшасынан айырылды», - деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары