СҚО-да жылқы тұмауы тіркелді

Чириковка ауылында шектеу шаралары енгізілді

СҚО-да жылқы тұмауы тіркелді
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстанның Есіл аудында жылқы тұмауы тіркелді. Қамбар ата түлігі жаппай ауырып жатқан Чириковка ауылында шектеу шаралары енгізілді. Оған сәйкес елді мекеннен жылқы және оның өнімдерін тасымалдауға тыйым салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Инфекция ошағында дезинфекциялық шаралар жүзеге асырылып жатыр. Мамандардың айтуынша, өңірде бұрын-соңды мұндай ауру тіркелмеген. Жылқы иелерінің сөзінше, малдың қызуы көтеріліп, жөтеледі. Танауынан су ағып, тәбеті тартпай, әлсіреп қалады.

«Мал шығыны тіркелген жоқ. Бұл – инфекциялық ауру. Дерт адамға жұқпайды. Карантинге жабылған ауылда мониторинг жүргізіліп жатыр. Ветеринарлар ауырған малды емдеп жатыр. Оларға антибиотик салынуда. Жалпы алғанда жағдай тұрақты. 15 күннен кейін шектеу шаралары алынады», - дейді Облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.