ШҚО-да іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды

Azattyq Rýhy

Олар өзгенің 500 млн теңгесі мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен

ШҚО-да іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Осы жылдың 1 маусымында Семей қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД КПБ қызметкерлері Семей қ.ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, ҚР ҚК-нің188-бабы 3-бөлігінде көзделген бұрын қылмыс жасағаны үшін қалалық сотымен іздестірілген 34 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қылмыскер 2021 жылдың қараша айында пластикалық терезені қысу арқылы Семейдегі жер үйлердің біріне кіріп, одан жарты миллион теңгені және 140 мың теңге соммасында алтын бұйымдарды жасырын ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тәртіп сақшылары 9 маусымда Өскеменде іздестірудегі тағы бір қылмыскерді ұстады.

Ұлан ауданы бойынша пробация қызметінен ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін бұрын сотталған 38 жастағы ер адам жасырынып жүрген.

Сөйтіп, ол 2019 жылдың 6 қаңтарында таңғы уақытта танысымен бірге өскемендік азаматтың пәтерінің құлпын бұзып кірген. Пәтер иесін пышақпен қорқытып, күртешені, тонды, алтын бұйымдар мен 4700 теңгесін ұрлап, қашып кеткен. Сот үкімі бойынша пробация қызметінің есебіне алынған. Біраз уақыттан кейін ол бақылаудан қашып кеткен.
 
Полиция қызметкерлері ұстаған екі қылмыскерге қатысты сот шешімі жақында шығады. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.