$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.06.2022, 15:59
Оқиғалар

СҚО-да жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді

Қайғылы жол-көлік оқиғасы 12 маусымда болған

СҚО-да жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді
Көрнекі сурет

Петропавл қаласында жол-көлік апатынан бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы 12 маусымда сағат 14:30 шамасында болған.

«Петропавл айналма жолында, яғни Р-49 республикалық автожолының 12-шақырымында Жұмысшы кентіне кіреберісте Toyota Alphard және Nissan Patrol көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан Toyota Alphard автокөлігінің 71 жастағы жолаушысы қаза тапты, тағы үш жолаушы қаладағы медициналық мекемелерге жеткізілді», - делінген ПД хабарламасында.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қазіргі кезде тиісті анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Серіктес жаңалықтары