$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында тайыншадай алабай кішкентай қызды талап тастаған

 Қазіргі кезде аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында тайыншадай алабай кішкентай қызды талап тастаған
Көрнекі фото: nashvet.ru: UGC

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында алабай иті кішкентай балаға шабуыл жасады. Шабуыл Тұздыбастау ауылында болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тalgarnewskz паблигінің жазуынша, иесі жануарын қарғыбаусыз бос жіберіп қойған алабай тұқымдас ит көршісінің ауласында ойнап жүрген екі кішкентай қыздың біріне тарпа бас салған. Тұрғындар кішкентай қызды қабаған иттің аузынан әрең ажыратып алған.  

Иттің азуынан ауыр жарақат алған бала қатты шошынып қалған.  

«Туыстарының айтуынша, алабай баланың бетін, арқасын және жамбасын қауып алған. Бетіндегі жараларды тігуге тура келген. Денесіндегі жарақаттар әлі жазыла қойған жоқ», - делінген хабарламада.

Ит иесі зардап шеккен балаға емделу үшін 30 мың теңге төлеген. Бірақ қыздың ата-анасы қабаған иттің иесі немқұрайлығы үшін қатаң жазаға тартылып, пластикалық операцияға ақша төлеуі тиіс деген талап қойып отыр. 

Осы оқиғаға орай ауыл әкімі Мирас Баймолданов пікір білдіріп, полиция қызметкерлерінің сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кеткенін айтты. Оның айтуынша, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін Қылмыстық кодекстің 114-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған.

Кінәсі дәлелденсе, иттің иесі бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Серіктес жаңалықтары