$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.06.2022, 11:27
Оқиғалар

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді

Қайғылы оқиға 7 маусым күні сағат 06.30 шамасында болған

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді
Көрнекі сурет

Павлодар облысында жүріп келе жатқан көлік аударылып кетіп, бір адам қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 7 маусым күні сағат 06.30-да Омбы-Майқапшағай тасжолының 12-ші шақырымында болған. 

"Аққулы ауылының маңында Nissan Maxima көлігінің 21 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан 1984 жылы туған жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен 1993 жылы туған жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді", - делінген ПД хабарламасында. 

Полиция өкілдері көліктің арнайы айыптұраққа қойылғанын айтты.

Қазіргі кезде аталған дерекке қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Серіктес жаңалықтары