$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.06.2022, 09:52
Оқиғалар

Нигерияда католик шіркеуіндегі атыстан 50-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапты

Қаза тапқандар арасында балалар бар

 

 
Нигерияда католик шіркеуіндегі атыстан 50-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапты
Associated Press

Нигерияда католик шіркеуіндегі атыстан 50-ден астам тұрғын қаза тапты. Жергілікті биліктің мәліметінше, қаза тапқандар арасында балалар да бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ондо губернаторы Аракунрин Акередолуның айтуынша, лаңкестер шабуылы Оводағы Әулие Франциск Ксавье католиктік шіркеуіндегі діни мейрам күні, жексенбіде болған. 

Associated Press агенттігіне берген сұхбатында штат депутаты Огунмоласуи Олуволе шабуылшылардың жарылғыш заттарды да іске қосқанын айтты.

Рим папасы Франциск шабуыл туралы естіген соң артынша Ватикан бірден мәлімдеме жасады.

«Рим Папасы Нигерияның Ондо қаласында діни мейрам кезінде шіркеуге жасалған шабуылдан  құлшылық етңп жатқан ондаған адамның, оның ішінде көптеп мерт болған балалардың қазасына орай көңіл айтады», - делінген мәлімдемеде.  

Қайғылы оқиғаға ислам экстремистері кінәлі болуы мүмкін.

 
Серіктес жаңалықтары