$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.10.2019, 10:12
Оқиғалар

Өгей әкесінен таяқ жеген бүлдіршін қайтыс болды

Күдікті ҚР ҚК 99 бабы, яғни адам өлімі бойынша тергелетін болады

Өгей әкесінен таяқ жеген бүлдіршін қайтыс болды

Алматыда өгей әкесі ұрып-соққан соң, жансақтау бөліміне түскен алматылық бүлдіршін бүгін қайтыс болды. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратқа қарағанда, сәби таңертең сағат 8-де көз жұмған. Бала қатты соққы салдарынан қайтып өзіне келе алмай, бірнеше күн ес-түссіз жатып бүгін жан тапсырды, делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Оқиға Алатау ауданындағы Көкқайнар шағын ауданындағы үйлердің бірінде орын алған болатын. Екі жасар бала 23 қыркүйекте үйде өгей әкесімен бірге қалған. Анасы жұмысқа кеткенде, бүлдіршінді жұбата алмаған ер адам оған қатты соққылар жұмсайды. Артынан өзі жедел жәрдем қызметін шақырып, сәби ауруханаға жеткізілген еді. Сәбидің өкпесіне  жасанды желдету құрылғысы қосылғанымен, дәрігерлер он күн бақылауда болған баланың өмірін сақтап қала алмады. 

Өгей әке балаға жәбір көрсеткенін мойындады. Күдіктіні сол күні қалалық полиция қамауға алып, айып таққан еді. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оған бастапқыда тағылған қылмыстық баптың бүгін өзгертілгенін мәлімдеді. Құқық қорғау органының таратқан хабарламасында, енді іс ҚР ҚК 99 бабы, яғни адам өлімі бойынша тергелетін болады. 

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #қылмыс