$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2022, 10:58
Оқиғалар

Павлодар облысында белгісіз зат ішіп уланған жетінші адам көз жұмды

Канистрде тұрған сұйық затты ішкен жеті адам түгел көз жұмды

Павлодар облысында белгісіз зат ішіп уланған жетінші адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында белгісіз затпен уланған жетінші адам көз жұмды. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, күні кеше Павлодар облысына қарасты Ертіс ауылында 7 адам ауылдастарының үйінде канистрде сақталған белгісіз сұйық затты ішіп, қатты уланған болатын. Уланғандардың үшеуі үйде, тағы екеуі Ертіс ауданының аудандық ауруханасында қайтыс болған. Қалған екі жігіт ауруханаға дейін шыдап, дәрігерлер олардың өмірін сақтау үшін барын салған. Алайда кеше таңертең біреуі, екіншісі кешке таман көз жұмған.

Марқұмдардың арасында бір үйдің екі адамы, яғни, әкесі мен баласы бар.

Тақырыпқа орай: Павлодар облысында белгісіз затпен уланған алтыншы адам қайтыс болды

Аталған дерек бойынша полицейлер тексеріс жүргізіп, ауыл тұрғындарының денелері сот сараптамасына тапсырылды. Сондай-ақ канистрдегі сұйықтық қалдықтарына сараптама тағайындалды.

 
Серіктес жаңалықтары