$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2022, 08:51
Оқиғалар

Непалда туристер отырған ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ бортында 19 турист пен 3 экипаж мүшесі болған

Непалда туристер отырған ұшақ апатқа ұшырады
Фото: ашық дереккөзден

Непал тауларында 19 турист пен 3 экипаж мүшесі отырған ұшақ құлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Бортында туристер отырған ұшақ небәрі 15 минут қана ұшып, Покхара туристік қаласынан ел астанасы Катманду маңындағы Джомсом елдімекеніне жетуі тиіс болған.

The Hindustan Times басылымының жазуынша, ұшақ тұрақты түрде ұшып отырған. Алайда 28 мамыр күні таңертең әуе лайнері жердегі бақылау қызметінің радарынан жоғалып кеткен. Іздеудің алғашқы сағаттары нәтиже бермегенімен, ұшақ қалдықтары ұялы байланыс операторы арқылы табылды. Ол ұшқыштың орналасқан жерін көрсетіп берген.

Жергілікті тұрғындар апаттың Ламче өзенінің сағасында болғанын айтады. Олардың пікірінше, қайғылы жағдайға жаңбырдың төпелеп жаууы әсер еткен. Соңғы аптада Непалдың сол таулы аймағында синоптиктер нөсер жауғанын атап өтті, бірақ жердегі әуе қызметтері азаматтық кемелердің ұшуына тыйым салмаған. Покхара – Джомсом бағыты бойынша ұшақтар Гималай тауларының шыңдары арасында ұшып, одан әрі аңғарға қонып отырады.

«Tara Air авиакомпаниясының Twin Otter ұшағы Покхар әуежайынан Джомсомға сағат 9:55-те ұшты. Бортта 19 жолаушы мен экипаждың 3 мүшесі болды. Ұшақ көтерілгеннен кейін шамамен 15 минуттан соң байланыс үзілді», - дейді компания өкілі Сударшан Бартаула.

Жолаушылар арасында 6 шетелдік болған, олардың төртеуі – Үндістан, екеуі – Германия азаматы. Ұшақтың құлаған орнына құтқарушылар, әскери және полиция қызметшілері жөнелтілді.

Серіктес жаңалықтары