Алматы облысында мектептегі бала өліміне қатысты ресми органдар жауап берді

Azattyq Rýhy

Бүгін Талғарда 9 сынып оқушысы мектеп маңында мерт болған

Алматы облысында мектептегі бала өліміне қатысты ресми органдар жауап берді
фото: partner-moto.ru

Бүгін Алматы облысы Талғар ауданының Еламан ауылында 9 сынып оқушысы мектептің қоршауына соғылып мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысы Полиция департаментінің хабарлауынша жеткіншек әкесінің YAMASAKI мотоциклімен қатты жылдамдықпен келе жатып, рөлге ие бола алмай мектеп маңындағы бардюр мен қоршауға соғылған.

Дәрігерлік жедел жәрдем пунктінің фельдшер-дәрігері, мектеп медбикесі оқиға орнында алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткенімен ауыр жарақат алған бала оқиға орнында қайтыс болды.

«Қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды», - деп көрсетті Алматы облысы Полиция департаменті.

Мектеп әкімшілігі оқушының көлік құралын рұқсатсыз айдап кеткенін айтты. Мұғалімдер бұған дейін баланың көлік басқарғанын көрмегенін мәлімдеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.