30.05.2022, 09:08
Оқиғалар
Рудныйда жасөспірім қыз Тобыл өзеніне батып кетті
Бұл ақпаратты әкімдік өкілдері де растады
Фото: qostanay.tv
Рудный қаласында 15 жастағы қыз Тобыл өзеніне батып кетті, деп хабарлайды iagorod.kz.
Белгілі болғандай, қайғылы оқиға 29 мамырда Русдный құтқару станциясы орналасқан ескі жағажай маңында болған. Бұл ақпаратты әкімдік өкілдері де растады.
Қайтыс болған қыз 2007 жылы туған.
«Бұл көптеген жылдан бері шомылуға жабдықталмаған жер саналады. Бірақ жұртшылық әлі де осы маңда демалуға үйір», - делінген хабарламада.
Оқиға орнынан жеткен сүңгуірлер қыздың денесін сол күні сағат 19:00 шамасында тапты.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге қарызы бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 23:47
Ақтөбелік әйел қытайлық күйеу жігітін алдап 30 миллион теңге мен алтын алған: полиция істі тоқтатты
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
