$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2022, 09:25
Оқиғалар

Солтүстік Қазақстанда бір адам суға батып кетті

Қайғылы жағдай Есіл өзенінің Пакровка ауылы маңында болған

Солтүстік Қазақстанда бір адам суға батып кетті
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстанда бір адам суға батып кетті. Бұл шомылу маусымы басталмай жатып болған алғашқы оқиға. Қайғылы жағдай Есіл өзенінің Пакровка ауылы маңында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Петропавлда күн ыстық. Сынап бағанасы 32 градусқа дейін көтеріліп тұр. Оған шыдамаған тұрғындар жаппай жағаға келіп, шомылып жатыр.

Петропавлда шомылуға рұқсат етілген екі-ақ орын бар – Есіл өзенінің жағасы мен Алакөл көлі. Өкінішке қарай, көп тұрғындар қалаған жеріне барып түсе береді. Қазір құтқарушылар батып кеткен бір адамды іздестіріп жатыр.  

«Кешеден бері іздестіру шаралары жүріп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша ол қайықтан құлап, батып кеткен. Оның нақты себебі анықталу үстінде», - деді ТЖД басқармасының аға офицері Кирилл Иванников.

Қазір құтқарушылар үшін қауырт кезең басталды. Олар қанша қырағы болғанмен кейде ажалға араша түсе алмайды. Былтыр өңірде 22 адам батып кеткен. Оның алтауы - бала.

Серіктес жаңалықтары