$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2022, 12:36
Оқиғалар

Жетісайда рұқсатсыз көлік басқарған жасөспірімдер ұсталды

Қазіргі таңда 4 автокөлік айыптұраққа қойылды

Жетісайда рұқсатсыз көлік басқарған жасөспірімдер ұсталды
Видеодан кадр

Түркістан облысы Жетісай ауданында құжатсыз автокөлік басқарған 3 жасөспірім анықталды, деп жазады Оtyrar.kz.

Балалардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы» бойынша хаттама толтырылды.

Бұл туралы 25 мамыр күні рейдтік жұмыс жүргізген Түркістан облыстық полиция департаменті хабарлады. ПД мәліметінше, жасөспірімдер басқарған екі көлік ресейлік нөмірмен тіркелген.

«Бұдан басқа мемлекеттік тіркеу нөмірсіз көлік басқарған 2 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігімен «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша жауапқа тартылды. Қазіргі таңда 4 автокөлік айыптұраққа қойылды. Айта кетсек, түркістандық полицейлер жол ережесін өрескел бұзғандар мен тәртіпсіздік жасағандарды назардан тыс қалдырмайды», - деді Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлнар Абдужаппарова.

Серіктес жаңалықтары