$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2022, 12:08
Оқиғалар

Екібастұзда мас күйінде ер адамға пышақ сұғып алған тұрғын 11 жылға сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Екібастұзда мас күйінде ер адамға пышақ сұғып алған тұрғын 11 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облыстың Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚК 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес абайсызда өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Іс материалына сәйкес, 2022 жылдың қаңтарында Екібастұз қаласында ер адам басқа адамдармен бірге спирттік ішімдіктер ішіп отырған кезде жанжал туындаған. Сол кезде айыпталушы ас үй пышағымен жәбірленушінің ішінен ұрып, ол қайтыс болған. 

«Қылмыстық қудалау органдары ер адамды ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігінде – «адам өлтіру» көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыптады. Прокурор сотталушыны ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тануды және 13 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындауды сұрады», - деді облыстық соттың баспасөз қызметінде. 

Іс бойынша жәбірленуші мемлекеттік айыптаушыны толығымен қолдап, қатаң жаза тағайындауды сұрады.

Айыпталушы адам өлтіруге ниеті болмағанын айтып, кінәсін мойындамады. Сотталушы қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі бойынша кінәсін толық мойындады. Жәбірленушіге ішіне бір пышақ жарақатын салғаннан кейін өзінің заңсыз әрекеттерін тоқтатқан және оның әрекетіне ешкім тосқауыл болмаған. Сонымен қатар, ол жедел жәрдем шақырып, олар келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсеткен және қан кетуін тоқтатуға тырысқан.

Сот істің материалдарын жан-жақты зерттей отырып, сотталушының әрекетін ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігінен ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігіне – «абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» деп қайта саралаған.

Сот іс бойынша кінәні жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды, қауіптің қайталануын ескере отырып, айыпталушыға төтенше қауіпсіз ҚАЖ мекемелерінде өтеумен 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары