26.05.2022, 09:12
Оқиғалар
Сенегалда ауруханадан шыққан өрттен жаңа туған 11 нәресте көз жұмды
Бұл туралы ел президенті Маки Сал мәлімдеді
© AFP 2022 / JOHN WESSELS
Сенегалдағы ауруханадағы өрттен жаңа туған 11 нәресте қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Сенегалдың Тивауан қаласындағы өрттен кем дегенде 11 шақалақ қайтыс болды. Бұл туралы ел президенті Маки Сал мәлімдеді.
«Мен неонатология бөлімінде болған өрттен жаңа туған 11 нәрестенің қайтыс болғанын естіп, қатты қайғырып отырмын», - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.
Оқи отырыңыз: АҚШ-та бастауыш мектепте атыс болып, 18 бала мен 3 ересек адам қаза тапты
Сенегал басшысы қаза болған балалардың отбасына көңіл айтты. Ол сондай-ақ Тивауан ауруханасындағы өрт сәрсенбі, яғни 25 мамырда болғанын айтты.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
