АҚШ-та бастауыш мектепте атыс болып, 18 бала мен 3 ересек адам қаза тапты
балаларды қырып салғанр 18 жастағы жергілікті тұрғын үйінен шығар кезде өз әжесін де атып астаған
АҚШ-тың Техас штатындағы бастауыш мектепте атыс болып, 18 оқушы мен үш ересек адам, оның ішінде мұғалім қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
БИ-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, Ювалде қалашығында 7-10 жас аралығындағы балалар оқитын Робб мектебінде болған атысты Сальвадор Ромас есімді 18 жастағы жергілікті тұрғын ұйымдастырған. Алдын ала мәлімет бойынша, оны оқиға орнына жеткен полицейлер өлтірген.
Атыс кезінде екі полиция қызметкері жеңіл жарақат алды.
Техас штатының губернаторы Грег Эбботтың айтуынша, оқ атқан адам көлігін мектеп маңына тастап, ғимаратқа кіріп кеткен.
Ол тапаншамен және автоматпен қаруланған.
Полицейлердің мәліметінше, мектепке барар алдында Ромас өз әжесін атып өлтірген.
Жас жігіттің не себептен мұндай қылмысқа барғаны белгісіз. Техас сенатының мүшесі Роланд Гутьеррес оның винтовканы 18 жасқа толған бойда сатып алғанын айтты.
АҚШ президенті Джо Байденге мектептегі атыс туралы хабардар етілген. Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер қайғылы оқиға болған кезде Байден президенттік ұшақтың бортында Азия сапарынан қайтып келе жатқан.
«Ол бұл сұмдық оқиғадан зардап шеккен отбасылар үшін дұға етеді», - деді баспасөз хатшысы.
АҚШ президенті қаза тапқандарды аза тұту белгісі ретінде Ақ үй мен басқа да қоғамдық ғимараттардың үстінде мемлекеттік туларды жартылай түсіруді бұйырды.