Тараздық түлектер жол апатына түсті

Azattyq Rýhy

17 жастағы мектеп түлегі бөтен біреудің көлігін айдап кетіп, жол апатын жасаған

Тараздық түлектер жол апатына түсті
фото: aikyn.kz

Соңғы қоңырау тараздық оқушылар үшін қайғылы аяқтала жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24-ке сілтеме жасап.

 Мектеп түлектері мінген көлік терең каналға құлап, батып кетуге шақ қалды. Оқыс оқиға Қазақ хандығы монументінің жанында болды. Куәгерлердің сөзінше, оқушылар лық толы оншақты көлік осы жерде әбден ойқастаған көрінеді.

Кенеттен техника каналға құлап кеткен. Бірақ суға батпай, бетонға қиғаштап тұрып қалған. Полицияның мәліметінше 21 жастағы жүргізуші көлікті уақытша қалдырып кеткенде 17 жастағы мектеп түлегі рөлге отырған.

«Жасөспірім тежегіш пен газды шатастырып, жол көлік оқиғасын жасады. Ең бастысы жасөспірім зардап шеккен жоқ. Оқушы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 612 бабы 2-бөлігімен жауапкершілікке тартылды. Және ата-аналарының қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.