Петропавлда учаскелік полиция инспекторы кісі қолынан мерт болды. Әйелі күдікке ілінді
1990 жылы туған полиция қызметкерінің артында екі кішкентай баласы қалды

Петропавл қаласында учаскелік полиция инспекторының мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған фактіні Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында растады.
Облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов марқұмның полицияда жұмыс істегенін растады және аталған қылмыстың оның кәсіби қызметімен байланысты жоқ деп түсіндірді. Тергеушілердің негізгі нұсқасы - - ұрыс немесе басқа да жағымсыз қарым-қатынастан болуы мүмкін.
«Аталған нұсқа бойынша осы қылмысқа қатысы бар ретінде жәбірленушінің әйелі тергелуде. Қазіргі уақытта іс бойынша жағдайды анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазір тергеу қорытындылары туралы тұжырым жасауға әлі ерте. Сот сараптамалары тағайындалады. Болжамды қылмыс қаруы алынды. Тергеу барысы СҚО прокуратурасының бақылауында», - деп көрсетті Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Аталған факті бойынша Петропавл қаласының ПБ Тергеу басқармасы ҚР ҚК-нің 99-б.1-б. яғни кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.