25.05.2022, 15:12
Оқиғалар
Павлодарда сауда орталығынан телефон ұрлап кеткен зейнеткер ұсталды
Одан ұрланған телефон тәркіленді
Фото: vkirove.ru
Павлодардағы сауда үйінің бірінен зейнеткер телефон ұрлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қаладағы Катаев көшесінің бойында орналасқан сауда орталығының сатушысы полицияға жүгінген.
«Сатушы белгісіз біреудің дүкен сөресіне құны 404 000 теңге тұратын ұялы телефонды ұрлап кеткенін айтқан. Сол күні жүргізілген шаралар барысында полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 66 жастағы ер адамды ұстады. Одан ұрланған телефон тәркіленді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында 80-нен астам ұялы телефон ұрлығы тіркелген. Полицейлер көктем мен жаз айларында ұялы телефон ұрлығы күрт өскенін айтады.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген