Алматы маңында жолдан шығып кеткен көлік үйдің үстіне құлады

Azattyq Rýhy

Адам сенгісіз оқиға Боралдай кентінде болған

 

Алматы маңында жолдан шығып кеткен көлік үйдің үстіне құлады

Алматы маңындағы Боралдай кентінде қатты жылдамдықпен жүрген BMW X5 жүргізушісі жолдан шығып кетіп, жеке тұрғын үйдің шатырына барып соғылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Адам сенгісіз оқиға 23 мамырдан 24 мамырға қараған түні Аэродромная көшесінде болған.

Облыстық полиция департаменті мәлім еткендей, оқиға салдарынан газ құбыры мен электр бағанасын зақымдалған.

«Боралдай кентінің 29 жастағы тұрғыны рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік сол екпінмен жеке тұрғын үйдің қосалқы бөлігінің шатырына бір-ақ шығып кеткен. Сондай-ақ жолда газ құбырын зақымдап, электр сымы тартылған бағананы құлатқан. Жүргізуші жеңіл жарақат алып, ауруханаға жатқызудан бас тартты. Басқа ешкім зардап шеккен жоқ», - делінген ПД хабарламасында.

Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша (Көлiк құралына, жолдарға, жол және өзге де құрылыстарға немесе өзге де мүлiкке зиян келтiрiлген жол жүрiсi ережелерiн бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.