$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.05.2022, 14:09
Оқиғалар

ШҚО-да өрт салдарынан 4 бас ірі қара жанып кетті

Өңірде өткен тәулікте бұдан бөлек тағы 3 өрт оқиғасы тіркелді

ШҚО-да өрт салдарынан 4 бас ірі қара жанып кетті

Өткен тәулікте шығысқазақстандық құтқарушылармен төрт өрт сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Semeynews.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен тәулікте облыс аумағында төрт өрт оқиғасы тіркелді.

Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында жер үйде өрт болып, үйдің ас бөлмесінің төбесі, едені және тұрмыстық техникалары өртенген. Құрықталған тілсіз жаудың жалпы алаңы – 12 шаршы метр. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – электр қондырғыларын орнатуда және оны пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Екінші оқиға осы ауданға қарасты Ақжар ауылында тіркелді. Бұл жерде желтоқсан көшесі бойында орналасқан жер үйдің ауласындағы шаруашылық құрылыстың 10 шаршы метр алаңды құрайтын төбесі, сондай-ақ 2 тонна пішен өртенді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – отты абайсызда пайдалану.

Дәл осындай себептермен Көкпекті ауылында өрт болды. Жер үй ауласындағы шаруашылық құрылыстың төбесі (80 шаршы метр), 4 тонна пішен өртенді. Өрт салдарынан сарайда тұрған 4 бас ірі қара жанып кетті.

Төртінші оқиға облыс орталығында тіркелді. Бажов көшесі бойындағы гараж боксының төбе жабындысының ағаш бөлігі өртеніп, гаражда тұрған 2021 жылы шығарылған «Shagman» жүк көлігінің және 1991 жылы шығарылған «Audi» көлігінің өртенетін бөліктері, құрал-саймандары, дөңгелектері, жеке заттары өртенді. Құтқарушылармен 288 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Алдан ала болжам бойынша өрттің шығу себептері: қауіптілігі жоғары құрылғыларды абайсызда пайдалану және отты абайсызда ұстау.

Серіктес жаңалықтары