Солтүстік Қазақстанда бір табын жылқыны ұрлаған аудан тұрғыны ұсталды

Azattyq Rýhy

Жылқылар табылып, иесіне қайтарылды

Солтүстік Қазақстанда бір табын жылқыны ұрлаған аудан тұрғыны ұсталды

СҚО полицейлері бір табын жылқыны ұрлаған аудан тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуір айында Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның тұрғынының еркін жайылымда жүрген 13 жылқысы жоғалды. Шығын шамамен 10 млн теңгені құраған. Тұяқтылардың иесі біраз уақыт бойы жылқыларын өз күшімен іздеген, полицияға айдың соңында жүгінген.

Аудандық полиция бөлімінде іздеумен қатар, мал ұрлығы бойынша түрлі нұсқаларды қарастырумен айналысқан төрт топ құрылды. Полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталған аудан тұрғындарының қылмысқа қатысын тексерді. Бір апта өткеннен кейін қылмыстың мән-жайы ашыла бастады. Ұрланған жылқылар КамАЗ көлігімен Қостанай облысына жеткізіліп, сол жақта сатылғаны анықталды.

Ұрлық жасады деген күдікпен бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған ауданның 30 жастағы тұрғыны ұсталды.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 4-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Барлық жылқы табылып, иесіне қайтарылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.