Көкшетауда оқушы қыз қолдан бомба жасап, мектепті жарып жібермек болған

Azattyq Rýhy

Оның мұндай қадамға баруына мектепте оқығысы келмеуі себеп болған

Көкшетауда оқушы қыз қолдан бомба жасап, мектепті жарып жібермек болған
Фото: zakon.kz

Көкшетаудағы күні кеше ғана мектептердің бірінде табылған жарылғыш затты сол мектептің оқушысы жасағаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, қыздың мұндай қадамға баруына оның дәл сол мектепте оқығысы келмеуі себеп болған.

«Полицейлер жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құрылғыны мектеп оқушыларының бірі жасағаны анықталды. Алдын ала белгілі болғандай, мұндай әрекетке оның аталмыш оқу орнында оқуды қаламауы себеп болған», - деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Оқиға қатысты тексеру жұмыстары жалғасады. Ювеналды полиция қызметкерлері қызды профилактикалық есепке алу мәселесін қарастырып жатыр.

Еске салайық, Көкшетаудағы No2 мектеп-лицейде 24 мамыр күні кешке күдікті құрылғы – сым тартылған қалбыр табылған болатын. Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы мен полиция өкілдері құрылғы залалсыздандырды.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.