$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.05.2022, 14:38
Оқиғалар

Алматы облысында жауын суы шайып кеткен жолға қатысты тексеру басталды

Құқұқбұзушылық фактісі анықталған жағдайда кінәлілер жауапкершілікке тартылады 

Алматы облысында жауын суы шайып кеткен жолға қатысты тексеру басталды
Фото: Алматы облысы ТЖД

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Алматы – Өскемен тасжолындағы құбырдың шайылу фактісі бойынша барлық мән-жайды анықтау үшін қызметтік тергеуге бастамашылық жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, кең арнаға диаметрі сай келмейтін құбыр жобаланған. Құқұқбұзушылық фактісі анықталған жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес кінәлі деп танылғандар жауапкершілікке тартылады.

«Бұл учаскенің құрылысы туралы келісім 2017 жылы жасалған. Диаметрі 1,5 метр құбырды орнату туралы техникалық шешімді Алматы қаласындағы «Қаздорпроект»»ЖШС әзірлеген және «ҚазАвтоЖол» филиалы – «Құрылыс дирекциясы», «Инжиниринг» МК ЖШС техникалық қадағалау қызметі, CITIC Construction мердігер ұйымы бірлесіп қабылдаған. Олар қабылданған жобалық шешімдер үшін тікелей жауапты», - делінген компания хабарламасында.

Бұдан өзге, осындай жағдайды алдағы уақытта болдырмай, алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар жолдардағы құбырлар мен мал өткелдерінде ревизия жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жауын салдарынан екі ауылдың көшелерін су басты

Қазір учаскеде қайта қалпына-келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тәулік бойы қадағалау ұйымдастырылды, учаске әлі де жабық тұр. 16 бірлік арнайы техника мен 20-ға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Еске салайық,22 мамырда сағат 16.45-те Алматы – Өскемен тасжолында (393 және 395 шақырымдарында) жауын суы асфальт жолды екіге бөліп, шайып кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары