$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.05.2022, 14:18
Оқиғалар

Алматы тауларында адасып кеткен ресейліктер құтқарылды

Құтқарушылар тауға шықпас бұрын, аймақтағы ауа райымен танысуғак кеңес береді

Алматы тауларында адасып кеткен ресейліктер құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі

Құтқарушылар Алматы тауларында шетелдік туристерді құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Белгілі болғандай, 21 мамырда сағат 22:05-те Республикалық жедел-құтқару жасағының 7 құтқарушысы мен бір кинологиялық топ Ресей Федерациясының үш азаматын іздеуге шыққан.

Алматы қаласы ТЖД түскен ақпарат бойынша туристер таңертең тауға шығып, сағат 13.30-да соңғы рет телефон арқылы таныстарымен байланысқа шығып, Букреев шыңына жеткендерін және Лесная сказка тау курорты жағына қарай түскендерін хабарлаған. Осыдан кейін олар байланысқа шықпаған, таудан төмен түспеген.

«Туристерді іздеуге қосымша Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары жіберілді. Тек 2022 жылғы 22 мамырда таңғы сағат 7.25-те жедел құтқару тобының аға қызметкері зардап шеккендермен телефон арқылы байланыса алды. Олардың айтуынша, ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж емес, түнді тауда өткізген екен. Туристер көмек күтпестен өздері түсу туралы шешім қабылдаған», - делінген ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз хабарламасында.

Құтқарушылар болжамды бағыт бойынша жүруге мәжбүр болды, себебі ауа райы нашарлай бастағандықтан туристерді тауда жалғыз қалдыруға болмайтын еді. Іздеу сағат 14.20-да аяқталды.

«РЖҚЖ кинологиялық есебі шатқалдың астынан туристерді тапты. Шетелдіктермен бірге жергілікті гид болған. Жалпы 4 адам құтқарылды: 1985, 1977, 2001 жылы туған үш ер адам және 1984 жылы туған әйел адам», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары