$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.05.2022, 08:12
Оқиғалар

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты
Фото: Instagram/@oo_osa_semey_vko

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында қайғылы жол апатынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 22 мамыр күні сағат 07:40 шамасында республикалық маңызы бар «Алматы – Өскемен» тасжолының Жарма ауданы Қалбатау ауылының тұсындағы 959 шақырамында болған.

«Nissan Cefiro» маркалы автокөліктің 36 жастағы жүргізушісі жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып, алдында келе жатқан «Беларусь 82.1» маркалы трактор тіркемесінің артына соғылған. Соның салдарынан жеңіл көліктің 36 жастағы жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті» – делінген хабарламада.

Жол апатынан зардап шеккен тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.
 

Серіктес жаңалықтары