Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болды

Azattyq Rýhy

Оқиға орнында күзетші қаза тапты

Шымкентте перзентхана маңында жарылыс болды
фото: zakon.kz

Жарылыс ауруханааралық дәріханада орын алған. Алдын ала ақпарат бойынша, оттегі толы баллон жарылған болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Шымкент қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жарылыс кезінде жақын маңдағы бес қабатты тұрғын үй зардап шекті. Зардап шеккен дәріхана күзетшісі ауруханаға жеткізілді.

«Бүгін сағат 12.06-да 102 нөміріне Шымкенттегі Г. Иляев көшесінде жарылыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Шымкент қаласы ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері келіп жетті. Олар жарылыс салдарынан 138-ші мекенжайдағы медициналық ертінді өндірілетін ауруханааралық дәріхана ғимаратының күл-талқаны шыққанын анықтады. Жарылыстан кейін пайда болған өртті ТЖД қызметкерлері толығымен оқшаулады», -  Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылысқа ауада газдың көптеп жиналуы себеп болуы мүмкін.

Оқиға орнында күзетші қаза тапты. Басқа зардап шеккендер жоқ.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.