ШұғылCOVID-19: Бір тәулікте 720 адамнан коронавирус анықталды

Өткен түні елордадан қала сыртына 723 рейс қар шығарылды

Қыс маусымы басталғалы бері бас-аяғы 198 мыңға жуық рейс жасалған

фото: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Қаңтардың 26-нан 27-не қараған түні Нұр-Сұлтан қаласында қар тазалау жұмыстарына 1051 техника бірлігі мен 132 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Өткен түні 8685 текше метр қар шығарылды (723 рейс). Жалпы осы уақытқа дейін 2371244 метр қар шығарылды (197603 рейс)», - делінген әкімдік хабарламасында.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтанда мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Төтенше жағдайлар департаментінде шұғыл штаб құрылып, жедел телефон желісі іске қосылды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ТЖД және Полиция департаментінің бастығы үндеу жасап, ЖОО мен өзге де мекеме, ұйымдарға жұмыс уақытын қысқартуға кеңес берді. Мүмкіндігінше қозғалысты барынша шектеуді сұрады.