Оралда 134 млн теңге пара алды деп ұсталған шенеунікке қатысты тергеу ісі басталды
Оның сыбайласы да уақыта ұстау изоляторына қамалған болатын

Оралда 134 миллион теңге апара алды деген күдікпен шенеунікке қатысты тергеу жұмыстары басталды. Құрылыс бөлімінің басшысы сыбайласымен бірге уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, БҚО-да Орал қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Арман Өксікбаевқа қатысты тергеу басталды. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп отыр.
«2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың 11 қазанына дейінгі кезеңде ол ЖШС директорынан бұрын келісілген 170 миллион теңгенің 134 миллион теңгесін, яғни аса ірі көлемде пара алған. Параны ол параны сыбайласымен бірге алған. Өз кезегінде құрылыс бөлімінің басшысы пандемия кезіндегі ерекше тәртіпті пайдалана отырып, Орал қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2,2 млрд теңгені құрайтын екі тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылысы бойынша атқарылған жұмыс актілеріне еш кедергісіз қол қойып беру арқылы конкурспен мемлекеттік сатып алу туралы шартын жасауға көмектесетінін айтып, уәде берген», - делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Оралда құрылыс бөлімінің басшысы ұсталды
«Орал қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы мен сыбайласы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетерлігі, Арман Өксікбаев бұл қызметке 2020 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын.