Оралда құрылыс бөлімінің басшысы ұсталды
Шенеунік 134 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді
«Орал қаласы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы 134 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі тергеу жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметінше, Құрылыс бөлімінің бастығы ЖШС бірінің директорынан 2020 жылдың қазанында 134 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
Белгілі болғандай, аса ірі көлемдегі пара «пандемия кезінде арнайы тапсырысты қолдану арқылы конкурс арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға көмектескені үшін және құрылыстың аяқталу актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін» берілген.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Орал қаласындағы екі тоғыз қабатты тұрғын үй салынған. Бағдарлама бойынша салынған баспаналарға 2,2 млрд қаржы кеткен.
«Бүгінгі таңда Орал қаласының құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы мен оның сыбайласы Н. Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, изоляторға қамалды», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында.