$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.05.2022, 09:19
Оқиғалар

Желіде Алматы лицейіндегі оқушылардың жаға ұстатарлық әрекеті туралы видео тарады

Оқушылар өз сыныптастарын түрлі әдіспен қорлап, сабақ үстінде бейәдеп видеолар қараумен айналысқан

 

Желіде Алматы лицейіндегі оқушылардың жаға ұстатарлық әрекеті туралы видео тарады
Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде алматылық лицейлердің бірінде оқушылардың өз қатарластарынан қорлық көріп жатқан видеосы пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі өзінің Facebook-парақшасында аталған видеоның Алматыдағы халықаралық лицейдің жекеменшік мектебінің қабырғасында түсірілгенін айтты. Оның айтуынша, видеоны сыныптастарынан қорлық көрген оқушылардың бірінің анасы жіберген. Әйел лицейде бірнеше баланы сыныптастары қорлап, буллинг көрсетіп жүргенін айтқан.   

«Мұндай жантүршігерлік сұмдық жайттың болуы бұл мектепте тәртіптің, тәрбиенің, өз сыныптастары мен педагогтарға деген құрметтің жоқ екенін көрсетеді», - деп жазды Дина Таңсәрі.

Бейнежазбаны берген әйел осы жаға ұстатарлық қуғын-сүргіннен кейін ұлына суицидолог-психологтың көмегіне жүгініп, ұзақ емделуі қажет болғанын айтқан. Қазір бала басқа мектепте оқиды, бірақ мұндай қорлық көріп жүрген балалар әлі бар көрінеді.

Оқи отырыңыз: «Анасы қайтыс болған»: Алматыда сабақ кезінде зорланған оқушының әкесі мән-жайды айтып берді

«Ол аз дегенедей, балалар сабақ үстінде порнография қарап отырады, оны мұғалім байқамағандай сыңай танытады. Ата-аналар осы видеоны көрсеткенде, мектеп әкімшілігі «бұлар – қиын балалар» екен деп қолды бір сілтеді! Шындығында, мәселе балаларда емес, ересектерде болып тұр! Олар өз мамандығын меңгермеген қалпы балаларды оқытуға келген!». – деп жазады құқық қорғаушы.

Оның айтуынша, бұл видео MLKT (Қазақстан-Түркия халықаралық лицейі) жеке мекемесінде 2022 жылдың қаңтарында түсірілген. Кадрға 10-сынып оқушылары түсіп қалған. Құқық қорғаушы аталған оқу орнын тексеруді сұрайды.

 
Серіктес жаңалықтары