$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.05.2022, 17:52
Оқиғалар

Шымкентте өрт сөндірушілер жанып жатқан жертөледен екі баланы құтқарып қалды

Жертөледе қоқыс өртенді

Шымкентте өрт сөндірушілер жанып жатқан жертөледен екі баланы құтқарып қалды
Көрнекі фото: ҚР ТЖМ

Шымкент қаласы Абай ауданы, 4-шағын ауданы Р.Қабылбеков көшесіндегі құрылысы бітпеген ғимараттың жертөлесінен өрт шыққаны туралы хабарлама «112» құтқару қызметіне түсті.  Құтқарушыларға зардап шеккен екі баланың өзі көмекке шақырған. Бұл туралы Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Оқыс оқиға 2022 жылғы 10 мамыр сағат 18.45-те болды. Жертөледе 2011 және 2012 жылғы туған екі бала отпен ойнап, нәтижесінде өрт шыққан, көп ұзамай жертөленің іші қара түтінге оранған. Балалар сыртқа шыға алмай қалған. Тез арада оқиға орнына мамандандырылған жасақ қызметкерлері жөнелтіледі. 

Түтінге тұншығып, үрейге бой берген балалармен «112» қызметкерлері үнемі хабарда болып, іс-қимыл тәртібін түсіндіріп отырды. Жедел кезекшінің нұсқауы бойынша балалар үстіндегі киімдерімен тыныс жолдарын жауып, барынша түтіннен қорғану амалдарын жасап отырды.

Оқиға орнына тез жеткен мамандандырылған жасақтың қарауыл бастығы Р. Письменский, аға өрт сөндірушілер Б. Сиқымбаев, Б. Лескен, ГТҚҚ аға шебері Ө.Қуантай тез арада қою түтінге оранған жертөлеге кіріп, талықсып жатқан балаларды дер кезінде арнайы тыныс алу аппараттарына қосып сыртқа шығарып, апаттар медицинасы орталығы филиалының мамандарына табыстаған», - делінген хабарламада.

Осылайша өрт сөндірушілер 2 баланың өмірін құтқарып қалды. Жертөледе 6 шаршы метр аумақта қоқыс жанған.

Өрт сағат 19.12-де оқшауланып, 19.31-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге 3 техника, жеке құрамнан 13 адам, апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Шымкент #өрт