Ақмола облысында зираттан қоршау ұрлаған екі тұрғын ұсталды
Ұрланған заттарды қаскүнемдер металл қабылдау пунктіне тапсырған

Ақмола облысында зираттан қоршау ұрлаған екеу ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бурабай ауданының криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты. Осы жылдың 30 сәуірінде Бурабай ауданының полиция бөліміне Златополье ауылының 60 жастағы тұрғыны 26-29 сәуірі аралығында православие зиратынан белгісіз адамдар шойын қоршауларды ұрлағаны туралы өтінішпен жүгінді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемдердің жеке басы анықталды. Олар бұрын сотталмаған Щучинск қаласының 29 және 39 жастағы тұрғындары болып шықты. Ұрланған заттарды қаскүнемдер металл қабылдау пунктіне тапсырған. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта аталған адамдардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.