$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.05.2022, 12:42
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда құтқарылған кішкентай қыздың отбасы туралы деректер пайда болды

Полицейлер қылмыстық іс қозғамаған

Нұр-Сұлтанда құтқарылған кішкентай қыздың отбасы туралы деректер пайда болды
Видеодан кадр

Нұр-Сұлтанда Сәбит Шонтақбаев ерлікпен құтқарып қалған үш жасар Айзерені анасы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Экспресс К басылымына сілтеме жасап.

«Қыздың анасы балабақшада жұмыс істейді. Ол күн сайын сәбиін өзімен бірге жұмысқа алып жүретін. Алайда дәл осы күні үйіндегі ересек жиеніне сеніп, қалдырып кеткен екен», - дейді әйелдің көршілері.

Ер адам өз міндетіне немқұрайлы қарап, баланы қарамай, өз тірлігімен шығып кеткен. Дәл осы сәтте жантүршігерлік оқиға болып, сәби терезеден шығып кеткен.

«Тағы бір жаңа ұстатарлық жағдай, кішкентай Айзеренің 20 минуттай терезеде ілініп тұрғаны. Қуанышқа орай, бүлдіршіннің өзі жеңіл болғанымен, қолы күшті болған», - деп жазады басылым.

Оқи отырыңыз: Астанада 9-қабатқа шығып алған баланы көршісі құтқарып қалды

Полицейлер қыздың жақсы ортада өсіп жатқанын ескеріп, қылмыстық іс қозғамаған. Тек ескерту жасаумен шектелген.

Серіктес жаңалықтары