Түркістан облысы: құс фабрикасындағы өрттен 3 мың балапан қырылып қалды
Өрт «ШымкентҚұс» ЖШС құс фабрикасының аумағында болған
Түркістан облысындағы құс фабрикасынан шыққан өрт салдарынан 3 мың балапан қырылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ІІД Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт 25 қаңтар күні таңғы сағат 7.00 шамасында Төле би ауданы Ақбастау ауылындағы «ШымкентҚұс» ЖШС құс фабрикасының аумағында болған.
«Өрт сөндірушілер жеткенге дейін құс қоралардың біріндегі еденге төселген сабанға от тиіп, өрт шыққан. Өрт сөндірушілер 190 шаршы метр аумақтағы жалынды сағат 08.05 шамасында сөндірді. Өрт салдарынан 3 мың балапан қырылып қалды», – деді комитет өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Өрт сөндіру жұмысына Түркістан облыстық ТЖД-нің 18 өрт сөндірушісі және 6 техника бірлігі жұмылдырылған.