$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.01.2020, 13:24
Оқиғалар

Бала жоғалды: ШҚО-да 9 жасар жеткіншек іздестіріліп жатыр

Айдар Егізбаев 24 қаңтар күні таңертең үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған

Бала жоғалды: ШҚО-да 9 жасар жеткіншек іздестіріліп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған 9 жасар бала іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«2010 жылы туған Айдар Егізбаев іздестіріліп жатыр. Ол 24 қаңтар күні таңғы сағат 9.00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Құқық қорғау қызметкерлері адам жоғалу дерегі бойынша іс қозғады», – деп мәлімдеді баспасөз қызметінен. 

Жергілікті полиция қызметкерлері жоғалып кеткен баланы табу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл істі қазір ШҚО Полиция департаменті басшылығы өз бақылауына алған. 

Баланы іздеу жұмыстарына сонымен қатар, еріктілер де жұмылдырылды. 

Айдар Егізбаевтың ерекше белгілері: бойы 120 сантиметр, арықтау денелі, шашы қысқа, қоңыр түсті, қой көзді. Үстіне сары түсті спорт кеудеше, қара тақия, шалбар, қара түсті аяқ киім киген.   

Полиция өкілдері жеткіншектің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білген-естіген жандардан «102» нөміріне хабарласуды сұрайды. 

Серіктес жаңалықтары