ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

ШҚО-да көппәтерлі үйдің шатырынан екі адам құлап кетті (видео)

Жұмысшылар үй шатырындағы қарды тазартпақ болған

Кадр видеодан алынды

Алтай қаласында шатырдағы қарды тазарту жұмысы қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады, деп хабарлайды YK-news.kz.

Аудан орталығындағы термометр бағаны бір аптадан бері -10 градустан төмен түспей тұр. Осыған байланысты көпқабатты пәтерлердің шатырына жиналып қалған қар мен мұз құлап, жаяу жүргіншілерге қауіп төндіруде. Кейбір тұрғындар қауіпті жағдайдың алдын алу үшін шатыр тазалайтын адамдарды жалдауда. 

Әлеуметтік желілерде қосқабатты үйдің шатырын қардан тазартып жүрген екі ер адамның байқаусызда құлап кеткен сәті түсірілген видео тарап кетті. Күтпеген жерден шатырдан сырғып түскен қалың қармен бірге екі жұмысшы да жерге құлаған. 

Жергілікті полицияның учаскелік инспекторының мәліметінше, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген: екі жұмысшы да қар үстіне құлағандықтан, еш жарақат алмапты. 

Ресми дерек бойынша қазіргі уақытта Алтай қаласындағы қардың қалыңдығы 116 санитметрге жеткен.