$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.05.2022, 15:43
Оқиғалар

Алматыда қарт анасын қатыгездікпен ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

Ол екі айға қамауға алынды

Алматыда қарт анасын қатыгездікпен ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

Алматы қаласының прокуратурасы қарт анасын ұрған ер адамды екі айға қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алатау аудандық прокуратура таратқан мәліметке сәйкес, ер адам – жәбірленушінің ұлы. Жанжал енесінің келініне дөрекі сөйлеуінен туындаған.

«Ол егде жастағы адамға бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана (ауырлығы орташа) зиян келтірді деген күдікке ілінді. Прокурорлар тергеушінің өтінішін қолдады және сот санкциясымен 49 жастағы ер адам екі айға қамауға алынды», - деп хабарлады ведомства.

Оқи отырыңыз: Алматылық қария көшеде аяусыз соққыға жығылды – ПД пікір білдірді

Айта кетейік, Алматыда ер адамның қарт әжейді ұрып-соғып жатқаны туралы видео желіге тараған болатын. Кейін 74 жастағы әйелді өзінің ұлы ұрғаны анықталды.

Серіктес жаңалықтары