$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2022, 10:00
Оқиғалар

Бала өлімі: картинг әкімшілігі арнайы мәлімдеме жасады

Орталық өкілдері қайғылы оқиғаның тоғыз жыл ішінде алғаш рет болып отырғанын айтты

 

Бала өлімі: картинг әкімшілігі арнайы мәлімдеме жасады
Видеодан кадр

Алматы облысындағы Sokol картинг орталығының әкімшілігі әлеуметтік желі арқылы 10 жастағы баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Картинг әкімшілігі жеткіншектің өлімі орталық жұмыс істеп келе жатқан тоғыз жыл ішінде алғаш рет болып отырған қайғылы оқиға деп сендірді.

«СТК Sokol» басшылығы мен ұжымы ресми түсініктемелер мен мерзімінен бұрын қорытынды жасамайтынын мәлімдейді. Біз жергілікті билік пен халықаралық консультанттардың қолдауымен жағдайды анықтауға бар күшімізді салып жатырмыз. «СТК Sokol» ЖШС марқұмның отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында картинг орталығында 10 жасар бала қайтыс болды

Еске салайық, 2 мамыр күні түс ауа Алматы облысында картинг теуіп жүрген 10 жасар бала көз жұмды. Жеткіншек артқы жақтан келіп соққан екінші машинаның инерциясымен пластик блоктардың сыртына шығып кетіп, тұрақта тұрған ГАЗ-53 су тасымалдағыш көлігіне соғылған. Қатты соққыдан баланың басы жарылып кеткен. Кейін картинг орталығының 41 жастағы директоры қылмыстық іс материалдарында күдікті ретінде танылғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары