04.05.2022, 09:54
Оқиғалар
Семейде бес қабатты үй өртенді
34 тұрғын эвакуацияланды, оның 7-еуі бала
Семейде бес қабатты үй өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семейде Жамақаев көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнына қөұтқарушылар келіп жеткенде 1 және 2 қабат аралығындағы алаңның терезе бөлігінің ағаш құрылымы өртенген. Өрттің жалпы алаңы 1 шаршы метрді құрады. Алаңы шағын болғанымен, қалың түтін бес қабатқа тарады.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құтқарушылармен 34 тұрғын, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды.
Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – отты абайсызда пайдалану.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды