«Мен Робинбекпін»: Алматыда жол ережесін бұзған танымал вайнер жазаланды

Azattyq Rýhy

Серғазы Тоқтарбек жол талғамайтын көлікте қауіпсіздік белдігін тақпаған

 

Фото: time.kz

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram желісіндегі ресми парақшасында жол ережесін бұзған танымал вайнердің жауапқа тартылғанын хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция өкілінің мәліметінше, аталған құқықбұзушылық желі қолданушыларының бірінің өзін белгілеп пікір қалдыруы арқасында анықталған.

Көпшілікке Сека деген лақап атпен танымал алматылық вайнер Серғазы Тоқтарбек жариялаған бейнероликтен белгілі болғандай, ол жол талғамайтын көлікте қауіпсіздік белдігін тақпаған.

Аталған деректі тексеру Алматы қалалық полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне жүктелген.

«1987 жылы туған Т. есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі («Қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін сақтамау») бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды», - деп жазды ПД бастығының орынбасары.

Рустам Әбдірахманов жолда жүргенде мұндай мінез-құлыққа жол берілмейтінін еске салды.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.