$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.04.2022, 13:37
Оқиғалар

Шымкент ПД баспасөз хатшысының суицид жасауға оқталу дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттың жария етілмейді

Шымкент ПД баспасөз хатшысының суицид жасауға оқталу дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент полиция департаменті баспасөз хатшысының өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның өзін-өзі өлтіруге оқталу фактісі бойынша (ҚК 105-бабы 1-бөлігі) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - деді ведомство өкілдері.

Антикор өкілдері тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттың жария етілмейтінін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: «Өте көп дәрі ішкен»: Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысының жағдайы белгілі болды

Еске салсақ, 6 сәуір күні Шымкент қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Бекееваның өзіне-өзі қол жұмсауы салдарынан ауруханаға түскені хабарланған болатын. Ол бұған дейін басшылықтың қысымынан бола жұмыстан кететінін, жұмыстан ғана емес, өмірмен де қош айтқысы келетінін жазып, хат қалдырған екен.

Серіктес жаңалықтары