$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы өзіне қол жұмсады

Қазір ол жансақтау бөлімінде

Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы өзіне қол жұмсады

2022 жылы 5 сәуірден 6-сына қараған түні Шымкент қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Бекеева басшылықтың қысымынан бола жұмыстан кететінін, жұмыстан ғана емес, өмірмен де қош айтқысы келетінін жазып, хат қалдырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, бұған дейін интернетте Мөлдір Бекеева қол астындағы қызметкерлерге дауыс көтеріп, боқауыз сөздер айтқаны туралы жазба тараған. Бекеева кейін бұл жазба жала екенін айтып, пікір білдірген.

Ал түндегі жазбасында Мөлдір Бекеева өзіне қол жұмсауға себебі бар бірнеше лауазымды тұлғалардың аты-жөндерін жазған.

«Әлеуметтік желілерде тараған беймәлім жала аудиожазбаға барынша шағылмай, бұл да бір Алланың берген сынағы, көтеруім керек деп іштен тынып, сыр алдырмай жүрген едім. Бірақ жан-жақтан жиналған құзғын кейпіндегі «ер-азаматтар» менің ауырып, саулығым сыр беріп жатқанына қарамай: «Үстіңнен іс қозғалды. Жұмысқа қашан шығасың?» деп мазалай берген соң, бүгін барып жұмыстан кететінім жайлы арызды жазып, тастап кеттім», - деп бастаған жазбасын ол.

Оның айтуынша, «соңғы 2 айдан бері оны қызметінен қуу үшін жаңадан келген басшылық сан-түрлі айла тәсілдерге барған». Айтуынша жаңадан тағайындалған басшы өзін жақса жағынан көрсету үшін түрлі амалдар ойластыруды тапсырған.

Мөлдірдің жазуынша, жұмыста ол ғана емес, өзге де әріптестері қысым көре бастаған. «Оған дәлел ретінде, бір апта ішінде, бір күнде Түркістаннан ондаған адам ауысып келді, тіпті 7-еуі басшы құрамға тағайындалып үлгерді. Осындай қысымның соңында кеше, 5 сәуір күні Мөлдірге полиция департаментіндегі әріптестері хабарласып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтқан.

«Таңертеңгісін жұмысқа барғанымда, сағат 8-30-да жұмыс телефоныма Анықтау басқармасының бастығы – Нұрдаулет Сүйеубеков хабарласып, үстімнен қылмыстық іс қозғалғанын айтты және ертең тергеуге келіңіз деп шақырды. Қылмыстық іс ҚР ҚК 378 бабы 1-бөлігімен (Билік өкілін қорлау) ЕРДР 227 900031000227 нөмірімен тіркеуге алынғанын жеткізді», - дейді Мөлдір.

Мөлдір Бекееваның қазіргі жағдайы туралы ресми органдар әзірге мәлімдеме жасаған жоқ .

Полиция департаментінің баспасөз қызметі Мөлдір Бекееваның жазбасына қатысты түсініктеме береміз деп хабарлады БАҚ өкілдеріне. Оның денсаулығына қатысты ресми ақпарат әлі таралған жоқ.

Әлеуметтік желідегі Мөлдір Бекееваны танитын адамдардың жазуынша, оның жағдайы ауыр, комада жатыр.

Azattyq Rýhy осы оқиғаға қатысты тағы қосымша ақпарат таратады.

Серіктес жаңалықтары