$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.04.2022, 08:43
Оқиғалар

«Бір жыл бойы қорлаған»: Шымкентте әйелі күйеуін педофил деп айыптады

Аса ауыр айып тағылған күдікті 10 жыл отырмақ түгілі, он күннен кейін еркіндікке шығып алған

 

Шымкентте 39 жастағы тұрғынды өз әйелі педофил деп айыптады. Келіншектің айтуынша, ол сегіз жасар туған қызына азғындық жасаған. Сұмдық жайтты қызы анасына айтып беріпті. Полицейлер отағасын бірден ұстағанымен, көп ұзамай босатып жіберген, деп хабарлады Azattyq Rýhy тілшісі КТК арнасынар сілтеме жасап. 

Істің тоқтатылуына тергеуші мен прокурордың күйеуіне туыс боп келуі себеп деп күдіктенеді ашынған әйел. Қайтадан қамалуын талап етіп отыр. Алайда тәртіп сақшылары жасөспірімге сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету бабымен іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын айтты.

Аты-жөнін атамауды өтінген әйелдің айтуынша, күйеуінің азғын екенін ақпанда білген. Көрші келіншектермен серуендеуге шықпақ болғанда қызы үйде әкесімен қалдырмауын өтініп шырылдапты. Себебін сұрағанда, сұмдық жайтты айтқан. Үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған әке жылға жуық уақыт өз қызына «білгенін істеп келіпті» дейді келіншек.

«Мен үйде жоқ кезде үлкен баламды ойнауға жібереді екен. Ал кішкентайлар мультфильм қарап отырады екен, істеп отырған ісіне қарап отыратын көрінеді», - дейді жәбірленуші.

Мұны естіген әйел дереу полицияға емес, ата-енесін шақырған. Бірақ күн сайын есірткі шегетін оны туыстары «өзіміз емдеп аламыз» деп арашалапты. Кейін ұрып-соға бастаған соң, полицияға арыз түсірдім дейді.

Алайда аса ауыр айыппен 10 жыл отырмақ түгілі, он күннен кейін еркіндікке шыққанына заңгерлер де аң-таң. Адвокат Нұркен Қалмырзаев бұл істе куәгердің бар екенін айтады. Бірақ тергеуші бұған мән бермепті.

Ал полицейлер іске енді кірісіп жатыр. Тергеушіні ауыстырып, куәгерлерден жауап алуды бастапты. Сараптамалар да толық тағайындалғанын жеткізді. Бірақ күдікті әлі қамалмаған.

«Әйел арызында күйеуінің өз қызына сексуалды сипатта зорлық-зомбылық әрекет жасағанын көрсеткен. Бұл арыз бірден Еңбекші АПБ-ның бірыңғай тіркеп-тексеру тізіміне тіркелді. ҚР ҚК 121-бабына сай 4-бөлігі, ол сексуалды сипатта жасөспірімге зорлық-зомбылық әрекет жасалғаны. Бірақ сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды», - деді Шымкент қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Заң бойынша күдікті енді отбасына жақындамауы, һәм телефон шалмауы керек. Әйтпесе бірден қамалады. Бірақ күйеуі «күніге анаша шегеді» деген әйелі одан өлердей қорқады.Такси қызметінде істейтін күйеуім алып кетуі мүмкін деп, қызын да мектепке жіберуді қойыпты.
 

Серіктес жаңалықтары