Нұр-Сұлтанда кәмелет жасқа толмаған қызға тиіскені үшін 20 жастағы студент қамауға алынды

Azattyq Rýhy

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды 

Нұр-Сұлтанда кәмелет жасқа толмаған қызға тиіскені үшін 20 жастағы студент қамауға алынды
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда  кәмелет жасқа толмаған қызға тиіскені үшін 20 жастағы студент он тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бұған дейін полицияның «102» арнасына елорда тұрғынынан кешкі уақытта белгісіз ер адам үйінің кіреберісінде 16 жастағы қызына тиіскені туралы хабарлама түскен болатын. Іздестіру шараларын жүргізу барысында 20 жастағы студент ұсталды", – делінген хабарламада.  

Құқық бұзушыға айналасындағыларға сыйламаушылық көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзу дерегімен  ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен, 10 тәулік мерзімге қамауға алынып, арнайы қабылдау мекемесіне қамалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.