$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.04.2022, 11:09
Оқиғалар

Алматы орталығындағы «қыз алып қашу» оқиғасының мән-жайы анықталды

«Зардап шеккен» бойжеткен жұрттан кешірім сұрады

 

Алматы орталығындағы «қыз алып қашу» оқиғасының мән-жайы анықталды
Видеодан кадр

Алматы қалалық полиция департаменті тал түсте қала орталығында екі ер адамның қыз «алып қашуы» туралы видеоға қатысты мән-жайды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін желіде тараған видео жұртшылықтың ашуын туғызып, қыз баланы ұрлағандарды жазаға тарту ұсынылған еді. Сол кезде полиция өкілдері Алматының Алатау ауданында болған оқиға туралы «пранк болуы мүмкін» деп пікір білдірген еді. 

Осы дерек бойынша тексеру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде оның ұйымдастырушылары мен қатысушылары анықталды. Олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

«Мен, бұл әлеуметтік эксперименттің пранк екенін айтқым келеді. Мен сол видеодағы қызбын.  Менде бәрі жақсы, мені ешкім алып қашқан жоқ. Жұртшылықтан кешірім сұраймыз», – деді 2004 жылы туған Т. есімді бойжеткен.

Сонымен қатар «Шевроле Нексиа» автокөлігінің жүргізушісі – 1988 жылы туған И. есімді азамат анықталды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқық бұзушылық дерегіне сәйкес оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 290-бабы 2-бөлігі (КҚ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз басқару) және ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 1-бөлігі (жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

 
Серіктес жаңалықтары