$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.04.2022, 09:58
Оқиғалар

Түркістан облысында қойшы бөтеннің малын 7 млн теңгеге сатып жіберген

Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды

 
Түркістан облысында қойшы бөтеннің малын 7 млн теңгеге сатып жіберген
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында қойшы өзгенің 140 қойын ұрлап сатып жіберген, деп жазады Оtyrar.kz.

Белгілі болғандай, қойшы қойларды таныстарына 35 мың теңгеден сатқан. Заттай дәлел ретінде тәртіп сақшылары ұрланған малды күдіктіден тәркілеп алған.

Құқық қорғау органдары келтірілген залалды 7 миллион теңгеге бағалап отыр. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Күдіктіні полиция қызметкерлері Отырар АПБ-не жеткізді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ұрлау»бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға үй малын сақтау шараларын қолдану және күдікті тұлғаларға өз мүлкіне сенбеу қажеттігі туралы ескертеді», - деді Отырар АПБ тергеушісі Мұхтар Ордабай.

Серіктес жаңалықтары