Павлодарда көлік қағып кеткен жасөспірімге ота жасалды

Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр

Фото: mingbolatov.ru

Павлодарда көлік қағып кеткен жасөспірімге ота жасалды. Жол-көлік оқиғасы Жеңіс алаңы көшесіндегі 17/1 үйге қарама-қарсы аумақта болған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 сәуір күні сағат 08.45-те «Кіа Cerato» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 2011 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақатпен ауруханаға жеткізілді", - деді департаментте. 

Көлік арнайы айып тұрағына  қойылды. Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сынған жіліншік сүйектеріне кеше операция жасалған. Ота сәтті өтті, жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Айта кету керек, осы жылдың басынан бері облыс аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 17 ЖКО тіркелді, салдарынан 20 адам жарақат алды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.